Алматыда анайы сөздерге толы мультфильм көрсетілді (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Бейнеден кадр

Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы «Алмалы» сауда орталығы қала тұрғындарына боғауыз сөздерге толы мультфильм көрсетті, деп хабарлайды ЭК.

Ашық аспан астында көрсетілген мультфильмді жас балалар мен ата-аналар тамашалаған. Экрандағы мультфильм кейіпкерлерінің боқтағанына көрермендердің бірі күлсе, бірі таңданысын білдіріп жатты.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары "Масқара", "Жауапқа тарту керек", "Ұятсыз" деген пікірлер қалдырып жатыр

Атышулы мультфильмге қатысты ЭК тілшісі Алматы қаласы әкімдігіне хабарласты. Әкімдік өкілдері "мән-жайды анықтап жатырмыз" деп қысқа қайырды.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров