Ақтөбедегі онкологиялық аурухананың қызметіне науқастардан шағым көп

Кәмшат ҚОПАЕВА

© Бақыт .ЖАНШАЕВА

Ақтөбе облысы мәслихатаның депуттатары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне қарасты онкологиялық аурухананың қызмет көрсету сапасын көріп, бірқатар кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл аурухана тек Ақтөбе өңірі емес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келетін науқастарға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда облыста 7563 адам онкологиялық аурумен есепте тұр.

Биыл емдеу мекемесіне 2 миллиард теңге бөлінген. Алайда науқастар аурухананың медициналық қызмет көрсету сапасына наразы. Емделушілерден түскен арыз-шағым бойынша облыс мәслихатының депутаттары ауруханаға барып, жағдайды көзімен көрді.

© Бақыт .ЖАНШАЕВА© Бақыт .ЖАНШАЕВА
© Бақыт .ЖАНШАЕВА

— Медициналық университетке қарайтын үлкен кешеннің алдында бір тал гүл жоқ, арам шөп басқан. Баспалдақтың кафелі сынған, радиологиялық емдеу құралдары тұрған бөлімнің ішіне кіргенде төбесінен аққан судың ізі көрініп тұр.

"Бүкіл батыс аймақтан келіп ем алатын бірегей аурухана", — деп біз мақтанғанмен, материалдық жағдайы сонау Кеңес заманындағы күйде қалып қойған.

Ем көрсету сапасына қатысты шағым көп. Облыстың депутаттыран түскен аудио шағымның біразын тыңдадық. Науқастар мамандарда дәрігер парызын орындау, адамгершілік қасиетінің жоқтығына шағымданады.

Соған байланысты облыс мәслихатының депутаттары бір топ болып , жағдайды көзбен көруге бардық. Себебі емдеу мекемесі бюджеттен жақсы қаржыландырылады. Өте қымбат томография, ионды сәуле, лазермен емдеу құрылғылары сатылып алынғанын білеміз. "Онда неге кейбірі жұмыс істемейді" деген заңды сұрақты қойдық. Қондырғы істен шықса қосалқы бөлшегі мен ионды сәуле көзі — радиоактивті кобальтті алуға миллиондаған қаржы керек екен.

"Соны алу, жеткізу кезінде туындайтын қиындықтар болмаса, бәрі жұмыс істеп тұр", — деп аурухананың бас дәрігері жаңадан алынған МРТ қондырғысын көрсетті. Орнын дайындап, орнатуға кірісіпті. Көрдік. Демек қаржы бөлінеді, бәрі бар. Онда неге шағым көп?!

© Бақыт .ЖАНШАЕВА© Бақыт .ЖАНШАЕВА
© Бақыт .ЖАНШАЕВА

Ауруханада жатқан науқастың түскі асы — 158 теңге. Ас пісіретін жағына бардық. Сырты әбден тозып кеткен. Асханадан заманауи тұрмыстық құралды көрмедік. Тамағынан ас өтпейтін науқастарға асты үгітіп беретін "блендер алып беріңдерші" деп сұрағанбыз.

"Қаржы жоқ дейді. Картопты езілгенше қайнатып, қолмен езіп береміз", — деді диетаға жауапты медбике.

"Ыдыс жуу машинасын айтпағанда қарапайым блендер, кофеүгіткіш алу қиын ба?", — дейді облыстық мәслихаттың депутаты Бақыт Жаншаева.

Депутат Жұлдыз Қожабекова да емделушілерден шағымның көп екенін айтады. Кейбір медициналық бұйымдарды науқастардың өздері сатып алуға мәжбүр.

Аурухананың ас пісіретін жерінің талапқа сай емес екені де рас. Ас даярлауға арналған қарапайым құралдар жоқ. Электрлі газ плита былтыр сатып алынған.

Депутат осы кемшіліктерді көзімен көріп, таң қалғанын жеткізді.

Облыс мәслихатындағы әлеуметтік мәселелерді қарайтын комиссия төрағасы Амангелді Есіркепов науқастар арасында сауалнама жүргізілгенін, оның ішінде мекеменің медициналық қызметіне көңілі толмайтындардың бар екенін айтты.

© Б.ЖАНШАЕВА© Б.ЖАНШАЕВА
© Б.ЖАНШАЕВА

Ал медициналық университеттің клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Надиар Мусин депутаттар айтқан кемшіліктердің түзетілетінін алға тартты.

Төбесінен су аққан бөлемелерге бір айдың ішінде жөндеу жүргізілмек. Алайда ол мекеменің медициналық қызмет көрсету сапасында мін жоқ екенін жеткізді. Радиологиялық аппараттардың барлығы жұмыс жасап тұр.

Күніне 300 адамға ас пісіріледі. Блендер, кофеүгіткіш, миркотолқынды пеш бізге қажет емес. Жалпы биыл онкологиялық ауруханаға 2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға дәрі-дәрмек сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді барлық шығын кіреді. Ал ауруханаға тек Ақтөбе емес, еліміздің батыс өңірі және Қызылорда облысынан келіп ем алатын науқастар бар екенін ескерсек, бөлінген қаржы көп емес. Себебі онкологиялық ауруларды емдейтін препараттар қымбат тұрады.

Мәселен, бір ампуласы 1 миллион теңгеден асатын дәрілер бар. Халыққа қызмет көрсететін салада шағым болады. Кейбір науқастар интернеттен оқыған дәрілерді, емдеу әдісін бізден сұрайды. "Неге солай емдемейсіздер" дейді. Ауруханада науқастар мемлекет тарапынан белгіленген стандартты хаттамалармен ғана емделеді. Хаттамаларда көрсетілген дәрі-дәрмектер жеткілікті. Барлығы науқастарға тегін беріледі, — деді проректор.

© Бақыт .ЖАНШАЕВА© Бақыт .ЖАНШАЕВА
© Бақыт .ЖАНШАЕВА

Онкологиялық аурухана қаланың "Жаңа қоныс" шағын ауданында орналасқан. Бұл жерде бір емес бірнеше емдеу мекемесі бар. Алайда ауруханаға баратын жол нашар. Маршрут уақытында жүрмейді. Келушілер сағаттап автобус күтуге мәжбүр.Ал ой-шұқыры көп жолмен ауыр жағдайдағы науқастарды ауруханаға жеткізу қиын көрінеді.

Емдеу мекемесінің өкілі "депутаттар осы мәселені ескерсе" деген тілегін жеткізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров