Астана күні қарсаңында елордада карантин тағы күшейтіледі

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елордада карантин талаптары сақталуын анықтайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, тәулік бойғы режимге көшті, деп хабарлайды ЭК.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі егер мейрамхана мен дәмханаларда және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, нысан жұмысы тоқтатылатыны ескертіліп отыр.

4 шілдеден бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, дәмханалар) уақыты 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), сыртта жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 00:00-ге дейін қысқарады.

Сондай-ақ жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады.

Ashyq жобасын қолданбайтын фитнес пен йога орталықтардың жұмысы тоқтатылады.

Ал Ashyq жобасы бойынша қызмет көрсететін орталықтар дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істейді, демалыс күндері жабық болады.

"Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90%-тен астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70 проценттен астамы коронавирусқа қарсы егілді", — делінген хабарламада.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы 2 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жабық мекемелердегі іс-шаралардың бәріне тыйым салынады ("Ashyq" жобасының тәртібі бойынша театрлардың 20%-тен аспайтын толуын есепке алмағанда).

Сондай-ақ саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысына рұқсат берілмей отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров