Жетімдердің 76 млн теңгеден аса қаржысын жеп қойған

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Еліміздегі жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде 21 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ЭК

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Арнайы жүргізілген қаржылық тексеріс кезінде осындай мекемелерде жалпы 76 млн теңгеден астам қаржының жымқырылғаны анықталған.

"Ең жиі жасалған құқық бұзушылықтар қатарында қызметкерлерге жалақыны заңсыз есептеу және оларды бухгалтерлердің иеленуі, тауарлар мен азық-түлікті жоғары бағамен сатып алу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету сияқты деректер кездесті" делінген агенттік хабарламасында.

Тіпті кейбір мекемелерде келтірілген шығын көлемі ондаған млн теңгені құрап отыр. Мысалы, зағиптарға арналған бағдарламамен қамтамасыз етілген ноутбуктерді сатып алу кезінде бюджетке17 млн теңгеден аса шығын келтірілген.

Анықталған деректер Экономикалық тергеу қызметіне жөнелтілді. Қазір барлық заң бұзушылықтар бойынша тергеу жүргізілуде

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров