Құран қазақстандық кәсіпкердің арқасында ғарыштан таратылады.

Экспресс К

Pixabay

Шухрат Ибрагимов негізін қалаған I AM PART OF ғаламдық қайырымдылық қоры Құран сүрелерін және хадистер жинағын ғарыштан тарату мақсатында, ғарыш технологияларын пайдаланатын DIVINE қоғамдық жобасын іске қосатынын жариялады, деп хабарлайды ЭК.

Шымкенттік кәсіпкер Ислам туралы қалыптасқан кері пікірлерді жоққа шығарып, осы дінді құрметтеушілерге Құранды үйрену мүмкіндігін арттыру мақсатында жобаға мұрындық болып отыр.

DIVINE-ге арналған аудио және мультимедиялық файлдар ғарышқа ұшырылған SpaceX Falcon 9 зымыранындағы YAM-2 жерсерігіне жүктелген. Биыл қарашада сәтті түйіскен жағдайда Құран сүрелері жоба аясында құрылған бірнеше платформаға келіп түседі. Олардың ішінде қазірдің өзінде Apple App Store және Google Play Store-ден жүктеп алуға болатын Divine Live және Divine-нің ресми сайты бар. Аталмыш файлдар жер бетіндегі арнайы орнатылған стансалардағы қабылдағыштарға келіп түседі.

"Заманауи ғарыш технологияларын пайдалана отырып, жер бетіндегі шектеуліктерден арылу заман талабы. Аталмыш компания исламды тани түсуге талпынатындардың мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеріп, технологияларды интернетке тәуелділігінен арылтуды көздейді",-дейді, компанияның негізін қалаушы және "Қамқоршылық" кеңесінің төрағасы Шұхрат Ибрагимов.

Шұхрат ИбрагимовШұхрат Ибрагимов
Шұхрат Ибрагимов

Сондай- ақ, SpaceX Falcon 9 зымыранының бортында қазақстандық виртуалды валюта биржасы құрған Biteeu компаниясының сандық қауіпсіздік инфрақұрылымы да орналасқан. Осылайша, Biteeu ғарыштың жоғары қауіпсіздік инфрақұрылымын пайдаланатын әлемдегі алғашқы криптовалюталық биржа болмақ.

Жерге жақын орбитада болуы, автономды шифрлық кодтары ғарыш байланысы және кілттің ғарышта сақталуы, кибершабуылдар кезінде әлсіз құпия ақпараттардың сақталу қауіпсіздігін біршама арттырады.

,,Бүгінгі таңда криптовалюта жаңа ғаламдық саудада қозғаушы күшке айналып отыр. Десе де, тұтынушыларға барлық мүмкіндіктерін пайдалануға кедергі келтіретін шектеулер де кездеседі. Мысалы соның бірі, инфрақұрылымдық шектеулер,-деді Шұхрат Ибрагимов. Ол, ғарышта бекітілген инновациялық орталықтандырылмаған технологиялардың көмегімен қауіпсіздік жүйесінің осал тұстарын жоюға болатынын айтады.

Талғат ДосановТалғат Досанов
Талғат Досанов

Жоба сынақтан қараша айына дейін өтуі тиіс. Сәтті өткен жағдайда, Biteeu әмианы арқылы, әлемнің кез-келген бұрышындағы, оның ішінде ТМД елдеріндегі тұтынушылар мультиқолтаңбаның көмегімен ғарышта Bitcoin-дық транзакция жасай береді. Biteeu spacebiteeu2021 промокоды арқылы тіркелген тұтынушылар олардың аты-жөні және криптовалюталық әмиандары ғарыш жобасының бір бөлігі болғанын дәлелдейтін сериялық нөмірмен тіркелген сертификат алады.

Biteeu-дің құрылтайшыларының бірі Талғат Досановтың айтуынша, ғарышта мультиқолтаңбаны пайдалану, криптовалюта нарығында қауіпсіздік стандарттарын көтеріп, тұтынушылар туралы деректерді қорғауды басты мақсат етіп отыр. Біз осы қаржылай инновациялық ағымға бірге бет түзеп, қазақстандық және әлемдік тұтынушыларға қауіпсіз және сенімді платформа беру мүмкіндігін күтеміз дейді ол.

Сондай-ақ, Divine және Biteeu компаниялары Қазақстанда тіркелген, келешекте ғарыш жобаларының орталығына айналуды көздейтін Eurasian Space Ventures жекеменшік компаниясының басқаруында болмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров