Студенттерге жеңілдік жасайтын университеттердің саны артты

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүгінгі таңда 10 университет вакцина алған студенттерге жеңілдік жасайды, деп хабарлайды ЭК

Бұл тізімге мына ЖОО: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, НАРХОЗ университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттердің оқу ақысы, жатақхана ақысын төлеу кезінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Оған қоса сауықтыру шипажайларына тегін жолдама, тегін тамақтану мен қоғамдық көлікті пайдалану талондарына ие болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров