Екпе алмағандар ертеңнен бастап оффлайн жұмысқа жіберілмейді


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 2 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ЭК.
Қаулыға бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды. Екінші шілдеден бастап қызмет көрсету жөніндегі объектілердің COVID-19 қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін оффлайн режимде жұмысқа жіберу шектетіледі.
Сондай-ақ, қаулыда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, "Атамекен" ҰКП (келісімі бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың басшыларына 15 шілдеге дейін вакцинаның бірінші компонентімен, ал 15 тамызға екінші компонентімен профилактикалық екпе алуды ұйымдастыру керек екені айтылған.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.