ШҚО-да келіншек пен оның қызы суға батып кетті

Ержан ШАЙЖАН

Pixabay

Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар қыз бала мен оның 27 жастағы анасы көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Қайғылы жағдай Алтай ауданына қарасты Зубов ауылында болған. Облыстық төтенше жағдай департаментіндегілердің хабарлауынша, 8 жастағы қыз ойнап жүріп суға түсіп кеткен.

Өкінішке қарай, баласын құтқармақ болған анасы да ағын суға төтеп бере алмай ажал құшты. Құтқарушылар марқұмдардың денесін Бұқтырма өзенінен алып шыққан.

Шомылу маусымы басталғалы бұл өңірде 8 адам суға кетті. Оның екеуі — бала.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров