Экология министрлігі: Балқаш көліне қауіп төніп тұрған жоқ

Фархат ӘБІЛОВ

© ЭК

Еліміздің Экология, геология және табиғи рестурстар министрлігі Балқаш көлінің экологиялық ахуалына төніп тұрған қауіп жоқ екенін хабарлады, деп жазады ЭК

Аталған министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір көлдің тұрақты деңгейі сақталып тұр. Бұған көлге жыл сайын 12 млрд текше метр судың құйылатыны дәлел.

— Бұл ретте ағын судың 70% -ы трансшекаралық Іле өзені арқылы келеді. Гидрологиялық деректерді талдау көрсеткендей, Іле өзенінің ағысы 2001 жылдан 2020 жылға дейін 13,8 млрд текше метрді құрады. Көлге жыл сайын шамамен 20 млрд текше метр су қүйылады. Іледен кейінгі Балқашқа су құятын ең ірі өзендер — Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері, — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірледі. Жоспарда көлдің маңында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды төгінділерін қысқарту, Іле өзені атырауының ағындарындағы тазарту және түбін тереңдету жұмыстары, ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта құру және суды үнемдеу үшін Іле өзені бассейнінде гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту және суарудың заманауи технологияларын енгізу, Іле өзені ағынының ауытқуын азайту үшін Қапшағай су электр станциясыың Кербұлақ контрреттегішін салу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Бұл іс-шаралар әзірленіп жатқан су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады.

Балқаш көлінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында және Іле өзені атырауындағы балық қорларының өнімділігін қалпына келтіру және одан әрі молайту үшін 2006 жылдан бастап жыл сайын Алматы облысының әкімдігі көл атырауындағы арналарды кеңейтуді және тереңдетуді жүргізуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров