Елорданың айналасы қоқыстан тазаратын болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-шығысында құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу және жинау алаңы іске қосылды, деп хабарлайды ЭК.

Қала сыртындағы "Солтүстік жота" карьерін қалпына келтіріп, құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң салынды. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асқан болатын.

Осы бірегей жоба арқылы апатты жағдайдағы қоқыс аумағынан шығарылатын кірпіш, керамзит, асфальт пен бетон сияқты құрылыс қалдықтары қайта өңделеді.

Құрылыс қоқыстарын қайта өңдеу металл мен арматураны, фракциялық материалды өндіру қондырғысы арқылы жүргізіледі. Осындай технологиялық желінің көмегімен құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату — тиімді шешім дейді мамандар.

Сондай-ақ осы жобаның арқасында шаһардың тағы бір түйткілді мәселесі шешіледі. Яғни қала айналасында рұқсат етілмеген, жабайы қоқыс полигондарының саны да азаяды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров