Қуаң жылы Қостанай облысында 4,7 млн гектар жерге тұқым себілген

Абылай МАУДАНОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жалпы алқаптың 3,9 млн гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі, деп хабарлайды ЭК Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің сөзіне сүйеніп.

590 мың гектарға майлы дақылдар егілді. Ал, бидайдың үлесі 3,3 млн гектар.

Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты, саланың ЖӨӨ-дегі үлесі 12,5%. Онда 117 мыңнан астам адам еңбек етеді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың 25%. Өңір тамақ өнімдерін эскпорттауда көш бастап тұр.

Қостанай елімізде ұн өндірісі бойынша бірінші орында, сары май, сүт және қоюландырылған сүт және қатты түрдегі сүт бойынша екінші, йогурт, сүт және ашытылған кілегей, макарон өнімдері өндірісі бойынша үшінші орында. Ет өндірісі 4,7% , сүт өндірісі 2,5% өскені байқалады.

Өткен жылы астықты аймақ дихандары гектарына 10,1 центнерден өнім жинаған. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш емес. Дихандар қауымы алдағы орақ науқанына алаңдаулы.

"Биыл ауа-райы тым қиын соғып тұр. Аптап ыстық қуырып барады. Жаңбыр да жаумай тұр. Бірақ, бұдан да күрделі кезеңді бастан өткергенбіз. 1975, 1984 жылы жаз бойы тамшы тамбаған. 1998 жылы да қуаңшылық болды. Жақын күндері жаңбыр жауса, солтүстік аудандар гектарына 7-8 центнер өнім жинауы мүмкін. Алайда, оның сапасы жылдағыдан төмен болады", — дейді, тәжірибелі дихан, Қазақстанның еңбек ері Сайран Бұқанов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров