Маңғыстаулық шаруалар Ақтөбе мен Оралға малын айдап кетті

Жұмазия ОРАЗАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Шамамен 20 шаруа қожалығы көрші облыстарға көшті, деп хабарлайды ЭК.

Қазір 2300-дей жылқы мен 1000 шақты сиыр және 3000 қой екі облыстың өрісінде жайылып жүр. Ал, қуаңшылықтың кесірінен малды қораға қамап отырған қалған шаруаларға жем-шөпті жеткізуге облыс бюджетінен 204 миллион теңге бөлінген. Жем-шөп әкелу "Каспий" әлеуметтік корпарациясы арқылы ұйымдастырылып жатыр.

Қаражат бөлінгелі 637 тонна арпа әкелінген. Бағасын нарықтағыдан 20 теңгеге арзандатып, келісін 92 теңгеден сатылымға шығарған. Осылайша жыл соңына дейін айналымға түскен қаражат арқылы, ай сайын 10 вагон жем әкелінеді. Ал шөп шауып, оны әкелуге кәсіпкерлерге 150 миллион теңге бөлінген

"5 аудан, 1 қаланың ниетті кәсіпкерлеріне белгіленген лимит бойынша осы қаражатты бөліп береміз. Бүгіннен бастап олар көрші облыстарға шабындықтарға кетеді. Шілденің ортасына дейін шаруалар биылғы жиған шөбін әкеледі. Сөйтіп, жыл соңына дейін осылай қамтамасыз етеміз", — деді Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Қалдығұлов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров