Антикор офицері 21 млн теңге парамен ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атырау облысы бойынша Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаментінің офицері 21 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады ЭК

ЭК белгілі болғандай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік Департаменті қызметкерлері Атырауға арнайы келіп, офицерді пара алу кезінде ұстаған. Ол сауда компаниясының басшысынан оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартпау үшін 21 млн теңге пара талап еткен.

Қазіргі таңда офицер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 366 бабының 4 бөлігімен (Аса ірі көлемде пара алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Әрі қарай бұлтартпау шарасы белгіленетін болады.

Әзірге лауазымды тұлғаның ұсталуы жөнінде Атырау облысы бойынша Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаменті ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров