"Кезби" жұмысшыларының ереуіліне байланысты комиссия құрылды

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Жаңаөзендегі кешелі бері жұмысқа шықпаған ереуілшілерге бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов та барды, деп хабарлайды ЭК аймақ басшысының баспасөз қызметіне сүйеніп.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, осы жағдайға байланысты арбитражды комиссия құрылған. Оның құрамына компанияның 4 жұмысшысы мен жұмыс беруші тарап, еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарын қосқанда 12 адам кірді. Ал ереуілшілердің талабын тыңдаған облыс әкімі барлығы заң аясында шешілуі керектігін айтты.

"Бұл — жекеменшік мекеме. Жекеменшік болғаннан кейін оның ішкі экономикалық мәселелеріне араласа алмаймыз. Бұл — жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жағдай. Барлығымызға ортақ заң бар. Сондықтан да барлығы заңның аясында шешілуі керек деп есептеймін" , — деді Серікбай Тұрымов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров