ЖОО толықтай Ashyg жобасына қосылады

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Жаңа оқу жылында еліміздің барлық жоғары оқу орындары Ashyq жүйесіне қосылады, деп хабарлайды ЭК

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ashyq қосымшасы енгізілген соң, ЖОО әкімшілігінің "қызыл" және "сары" мәртебесі бар келушілерді оқу корпустарына кіргізбеуге құқылы болады.

Сондай-ақ, ведомство берген ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күнге дейін еліміздегі жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің 40 пайызға жуығы, сондай-ақ студенттердің 20 пайыздан астамы вакцинацияланған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров