Қате аударылып кеткен әлеуметтік төлемді енді Үкіметке қайтармауға болады

Бек ТӨЛЕУОВ

Наталья Пан / © СЦК

Әділет вице-министрі Наталья Пан азаматтар мемлекет органдар тарапынан қате аударылған төлемдерді азаматтардың қайтармауына болатынын айтты, деп хабарлайды ЭК.

Кеше мемлекет басшысы қол қойып, бүгін заңды күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процессуалды кодексте осы мәселе қарастырылған.

‘Азаматтарға қолайлы заңды шешімдердің күшін жоюдың арнайы тәртібі енгізіліп жатыр. Мысалы, азаматқа әлеуметтік көмек төленді делік. Бірақ біраз уақыттан кейін тексеріс кезінде жәрдемақы артық төленіп қойғаны, мемлекеттік органның кінәсінен қате шешім қабылданғаны анықталды. Осындай жағдайда өкілетті орган адал азаматтан жұмсалған ақшаны қайтаруды талап ете алмайды. Себебі, ол адамның еш кінәсі жоқ", — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, кодексте адамдарды билік органдарының ықтимал теріс қылықтарынан қорғауға бағытталған жаңа қағидалар енгізілген. Бұл қағида "құқық қорғау органдарына заңнаманың барлық күмәндерін, қайшылықтары мен түсініксіздігін азаматтардың пайдасына шешуді міндеттейді" екен.

"Мысалы, егер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін құжатта 3 күн мерзім белгіленген. Бірақ ол мерзім жұмыс немесе күнтізбе күндерімен санала ма, ол көрсетілмеген. Осы жағдайда сізге мемлекеттік қызмет үш күнтізбелік күн ішінде көрсетілуге тиіс. Өйткені бұл опция азамат үшін ең қолайлы", — дейді Наталья Пан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров