Зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндіктері кеңейеді

Экспресс К

gov.kz

Зейнетақы жинағындағы артылған қаражатты жақын туғандарының ем-домына және шетелде емделуге жұмсауға арналған бұйрық жобасы талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ЭК.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сай, жаңа ережеде зейнетақы жинағын пайдалану үшін тараптар бір-бірінің туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжат ұсыну керек. Сонымен бірге балаларды елдегі шипажайларда емдеу үшін де осы қаражатты пайдалануға болады.

Ал, өтініш білдіруші шет елде ем қабылдағысы келсе, шетел валютасымен уәкілетті операторларда арнайы шот ашуы қажет. Бұған қоса дәрігерлік комиссияның қорытындысы және шетелдік ұйыммен медициналық көмек көрсету туралы келісім шарттың болуы да міндетті. Төлемді аудару мәселесі он жұмыс күн ішінде шешіледі.

Бұйрық жобасындағы тағы бір ерекше айтатын жаңалық — бұған дейін алынған емдік шаралардың ақысын біржолғы зейнетақы төлемі арқылы өтеуге рұқсат беру. Ол үшін жинақ иес өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға жүгініп, алған емдік шаралары туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын беру қарастырылған.

Аталған құжатты талқылау шілде айының 15-не дейін жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров