Қашықтан жұмыс істеу заңмен реттеледі

Нұрболат АДЫРБЕК

Pxhere

Президент қолданыстағы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Ақорда сайты жария етті.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады", — делінген Ақорда таратқан ресми ақпарда.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова құжаттың жобасын таныстырған болатын. Онда "тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан және аралас-қашықтықтан жұмыс істеу тұжырымдамасын егнгізуге" қатысты өзгертулер керек екені айтылған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров