Тоқаев нашақор күйеуін өлтіріп қойған әйелге рақымшылық жасады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан әйелге рақымшылық жасады, деп хабарлайды ЭК.

Лариса Антонюк 2011 жылы Түркіменстанда адам өлтіргені үшін сотталған. Ол болашақ жұбайымен қазақ жерінде танысыпты. Шаңырақ көтерген соң Түркіменстанға көшіп барған.

Сотталушы әйелдің сөзіне қарағанда, күйеуінің ата-анасы келінді бірден жақтыра қоймапты. Кейін жарының есірткіге тәуелді адам екенін білген. Қаржылық қиыншылыққа тап болғанда, ол қол көтеріп, ұрып-соғып, есірткіге ақша тауып беруді талап еткен. Сондай жанжалдың бірінде қорғанамын деп жүріп, күйеуін өлтіріп алған.

Түркімен билігі Ларисаны түрмеге қамап, төрт баласын балалар үйіне жіберген. Қазақстандық әйелді кейін елге қайтарған. Ол тағайындалған жазаның жартысын өтеп үлгерді. Енді Президенттің рахымшылығымен шілде айының аяғында бостандыққа шықпақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров