ҰҚК ғимаратындағы жарылыс және даладағы 9 күндік соғыс

Экспресс К

ҚР ҰҚК

Осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбе облысының Темір ауданында экстремистерді ұстау мақсатында кәдімгідей әскери операция жүргізілді. Бұл — ҰҚК-ның облыстық департаменті ғимаратының фойесінде жанкештінің өзін өзі жарып жіберуінен басталды.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

2011 жылдың 17 мамыры. Ақтөбе. Сағат 9:30. Облыстық ҰҚК департаментінің ғимаратында жарылыс болды. Полиция қызметкерлері сол аумақты қоршауға алды. Журналистерге ешқандай хабар берілмеді. Тұрғындар арасында түрлі қауесет тарады. Бірнеше сағаттан кейін ғана бас прокуратура өкілінен құрғақ, ресми ақпарат алуға мүмкіндік туды. Оның айтуынша, бір ақтөбелік "қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін" өзін өзі жарып жіберген. Жарылыс жасаған адам көз жұмып, жақын маңдағы екі тұрғын жеңіл жарақат алған. Оның бірі — департамент қызметкері. Екіншісі — облыстық ҰҚК департаментінде жөндеу жұмысымен айналысып жүрген азамат.

Айтылған мәліметтің жартысы шындыққа жанаспайтын еді.

Рақымжан Мақатов/ wikipedia.orgРақымжан Мақатов/ wikipedia.org
Рақымжан Мақатов/ wikipedia.org

25 жастағы Рақымжан Мақатов домбыра сыныбында білім алды, музыкалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Әкесі — отставкадағы полиция полковнигі. Анасы — дәрігер. Мақатовтардың көршілерінің айтуынша, Рахымжанның өмірі үйленгеннен кейін күрт өзгерген. Әйелі Мейрамгүл Сатаева жұртпен көп араласпайды. Көшеге ұзын көйлек киіп, бетін жауып шығады. Балаларына екпе жасатудан бас тартқан. Отбасы ешкіммен қатыспады. Тіпті теледидар да көрмейтін.

Рақымжан салафит болды. Сектаның бірнеше мүшесі ұсталған. Ол бұл іс бойынша куәгер еді. Сол күні таңертең тергеушінің алдына кезекті рет бару керек болған.

Сол күні мұнай өндіру компаниясының қызметкері Жеңісбек Молдин фирманың ісі бойынша ҰҚК департаментіне барады. Кейін ол теміржол ауруханасына келген сол кездегі облыс әкімі Елеусін Сағындықовқа көргендерін айтып берген. Ғимараттың ішкі кіре берісінде ол бейтаныс ер адамның кезекшімен сөйлескенін көреді. Кейін "Жатыңдар!" деген қатаң дауысты естиді. Сол кезде бейтаныс адам оны еденге алып ұрады. Содан кейін қатты жарылыс болады. Есінен танып қала жаздаған Жеңісбек ұялы телефоны арқылы туыстарына қоңырау шалып, болған жағдайды хабарлайды. Жеңісбек Молдин мен кезекші теміржол ауруханасына жеткізілді. Ал ҰҚК қызметкерінің денесіне шойыннан жасалған батареяның сынықтары кірген. Ол кейін алған жарақаты жеңіл болғандықтан үйіне жіберіледі. Ал Жеңісбектің жарақаты ауыр болды. Оған үш сағатқа жуық операция жасалды. Теміржол ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Зәмза Хайруллинаның айтуынша, зардап шегушінің беті, мойны, кеуде қуысы, жамбас, оң қолы жарақаттанған. Беті күйген. Миына зақым келген.

Сол кездегі облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен Жеңісбек Молдин. Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыСол кездегі облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен Жеңісбек Молдин. Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Сол кездегі облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен Жеңісбек Молдин. Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

Лаңкестік әрекет болған кезде облыс әкімі кезекті еңбек демалысын алып, шетелде жүрген. Хабарды естіген бойда дереу ұшып келіп, Жеңісбектің жағдайын білді.

— Өзіңді қалай сезінесің?, — деп сұрады әкім.

— Жақсы, — деді Жеңісбек байсалды үнмен. Ол өзінің палатасынан әкімді көрем деп ойламаса керек.

— Тек саусақтарым сынған, — деді. Оң жақ бетінің күйік шалғаны туралы айтпады. Алайда барлығы көрініп тұрған еді.

— Менің де саусақтарым сынған. Жас кезімде бокспен шұғылдандым. Көрдің бе? Жаратушы бар, сен тірі қалдың. Бірақ өмірде бәрі жақсы бола бермейді. Сен үйленгелі жүрсің бе? — деді Сағындықов науқастың көңілін ауламақ болып.

— Ия, бірақ кейінге шегерілетін шығар,— деді Жеңісбек жымиып. Оның тойы 28 мамырға жоспарланған болатын. Елеусін Сағындықов "еш уайымдама, тойды өткізуге көмектесеміз" деді. Жеңісбек тағы жымиып, әкімді тойына шақыруға уәде етті. Күзде Жеңісбек үйленді. Арада бір жыл өткенде зардап шеккені үшін ҰҚК департаментінен 10 миллион теңге талап етіп, сотқа арызданды. Сот арыздан бас тартты.

Сол кездегі облыстық ішкі істер департаменті штабының бастығы Әскер Өтениязов. Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыСол кездегі облыстық ішкі істер департаменті штабының бастығы Әскер Өтениязов. Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Сол кездегі облыстық ішкі істер департаменті штабының бастығы Әскер Өтениязов. Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

Облыстық ҰҚК департаменті ғимаратында болған жарылыстан бірнеше күн өткен соң, тоғыз күн бойы елді дүрліктірген оқиға басталды.

— 26 маусымда біз "Мерседес" көлігін тоқтаттық. Ішінде екі жігіт болды. Көліктен екі аңшы мылтығы табылды. Ал "Макаров" тапаншасын олар көлік тоқтаған кезде жерге түсіріп алды, — деді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті штабының бастығы Әскер Өтениязов.

Екі күннен кейін айналма трассадан күштік құрылым "Дэу-Эсперо" көлігін тоқтатты. Оның ішінен де қару табылды. Тергеу барысында анықталғандай, қару Кеңқияқ ауылының екі тұрғынына тиесілі болып шықты.

30 маусым күні экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Кеңқияқта, яғни нағыз қару иелері Тоқтарбек Мәмбетов пен Айбек Жұмағазиннің үйіне барды. Бірақ олар қашып үлгерді. Кейін анықталғандай, Мәмбетов ата-анасына телефон соғып, полиция мен мемлекеттік қызметкерлерге соғыс жариялайтыны туралы айтқан.

— Олардың мақсаты полиция, ҰҚК және әкімдік қызметкерлеріне қастық жасау болған. Бірінші кезекте полиция қызметкерлері керек болды. Олардың қаруына иелік еткісі келді, — деді Өтениязов журналистерге.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Нұрлан Алпысбай. Ақтөбе облыстық ІІДНұрлан Алпысбай. Ақтөбе облыстық ІІД
Нұрлан Алпысбай. Ақтөбе облыстық ІІД
Айдос Боранбаев. Ақтөбе облыстық ІІДАйдос Боранбаев. Ақтөбе облыстық ІІД
Айдос Боранбаев. Ақтөбе облыстық ІІД

1 шілдеге қараған түні, түн ауа жергілікті полицейлер Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев Шұбарши ауылындағы үйлердің бірінде қонақта отырған Айдостың әйелін алып кетуге барады. Екі сержант мінген уазикке оқ атады. Қарақшылардың саны он болған. Олар "Мицубиси-Делика" көлігімен жүрген. Өлген полиция қызметкерінің біреуін көліктен шығарып, сүйреген. Нұрлан мен Айдос қарусыз болған. Айдостың әйелі Кеңқияқ полиция бөлімінің басшысына және ішкі істер департаментінің басшысы Патрис Нокинге қоңырау шалған. Жарты сағаттан кейін облыстың барлық күштік құрылымдары дабыл бойынша көтерілді.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

2 шілде күні кешкілік арнайы жасақ жауынгерлері жасырын әскери тактикаға көшті. ІІД "Арлан" арнайы жасағының алты қызметкері және Кеңқияқ полиция бөлімінің екі қызметкері Шұбарши маңындағы қамыс арасына барып бой тасалады. Бұл маңда полиция қызметкерлерін өлтіргендер жасырынған деген ақпарат болған. Бірақ күдіктілер бұларды бірінші тапты. Олар оқ жаудырды. Майор Бүркіт Сатаев жараланды.Үш арнайы жасақ жауынгері көз жұмып, үшеуі жараланды. Бәрінен бұрын ең ауыр жағдайды бастан өткерген аға лейтенант Руслан Жолдыбаев еді. Ол қолы, иығы және аяғынан жараланса да, қарақшыларға қарсы оқ атуын тоқтатпады. Есінен танып құлаған кезде, қарақшылар оның Калашников автоматын алып кетті.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

4 шілде күні содырлардың көзін жою үшін әскери операция жарияланды. Оған №6655 әскери бөлімінің жауынгерлері, "Бүркіт" арнайы жасағы және "Сұңқар" элиталық бөлімшесінің жауынгерлері жұмылдырылды. Олардың қарамағында екі тікұшақ пен "АН-2" ұшағы болды. Алғашқы күні Шұбарши мен Темірдің арасына барлау жүргізілді. Полицейлерге шабуыл жасаған және арнайы жасақ "Газелін" атқандардың артында алты адам тұр деген болжам жасалды. Олар — ағайынды Мәмбетовтер, Бектемір Оразов, Мирас Қаражанов, Айбек Жұмағазин және Қуаныш Әлімбетов. Соңғысы топтың үлкені, яғни 42 жаста. Ол Хамза лақап атымен жүрген және шебер мерген ретінде танымал. Топтың жетекшісі болуы мүмкін деген 27 жастағы Тоқтарбек Мәмбетов Әмір лақап атымен жүрген. Бірақ олардың жасырынған жерін табу мүмкін болмады. Сол кезде қауіпсіздік қызметкерлері Ақтөбе, Атырау, Маңыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарынан көмек сұрады. "Шұбаршилық алтауды" тауып, ұстаған адамға 100 мың доллар берілетіні жарияланды.

Ақтөбе облыстық ІІДАқтөбе облыстық ІІД
Ақтөбе облыстық ІІД

Бірнеше күннен кейін полицейлер Кеңқияқта үйдің ауласында шұңқыр қазып, сонда жасырынып жатқан Оразовты тапты. Билік өкілдерін көрген ол бос пакетін лақтырып, "Аллаһу акбар!" деп жүгіреді. Аула сыртында серіктесін күтіп бейтаныс сақалды адам тұрған. Ол оқтың дауысын естіп, қара "БМВ" көлігімен қашып кетті. Ал Оразов жамбасынан жарақат алып, есінен танып қалды. Ал, ол жасырынған шұңқырдан тегіс ұңғылы мылтық пен діни мазмұндағы брошюр және бір жарым миллион теңге табылды.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

8 шілде күні полицейлер ауыл дүкенінен мол қылып азық-түлік алып, оны қамыс арасына апара жатқан тұрғынды байқайды. Ол үйіне таңертең оралады. Шұбарши мен Кеңқияқтың арасындағы 18 шақырым жерде қамыс өскен. Кешке қарай қамыстан шыққан тоғыз адам ауыл ішіндегі соңғы үйге кіріп, аулаға тарап кетеді. Сірә олар әскер кетіп қалды деп ойласа керек. Алайда полиция тәуекелге бармады. Қарақшылардың саны туралы нақты ақпарат болмады. Сол күнгі әрекет сәтсіз аяқталды.

Бұл үйде Нұрлыбек Үргешбаев отбасымен тұратын. Ең кіші ұлы сол сәтте үйде болмаған. Атыс басталған кезде Нұрлыбектің әйелі есінен танып қалады. Күйеуі шифонердің ішіндегі заттарды сыртқа шығарып, әйелі мен қызын сонда жасырады. Өзі кереуеттің астына тығылды. Сол түнді Үргешбаевтар отбасы қорқынышпен өткізді. Үйге екі снаряд түсті. Таңғы сағат 7-де "Арлан" жасағының жауынгерлері ас үйдің сынған терезесі арқылы іштегі адамдарды сыртқа шығарды.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

8 шілде күні 20:45-те үй қоршауға алынды. Дыбыс зорайтқыш арқылы қарақшыларға қаруларын тастау сұралды. Бірақ олар жауап ретінде оқ атты. Алғашқы сағатта "Сұңқар" бөлімшесінің командирі Айболат Иманбаев мерт болды. Екі жақ бір сағат бойы атысты.

-Қарақшылар бытырап кетті. Бірі бақшаға, бірі сарайға, енді бірі үйге қашты. Сарайды брондалған көліктің көмегімен қираттық, -деді Өтениязов журналистерге берген сұхбатында.

Қараңғы түскен кезде атыс тоқтады. Мергендердің іске кірісер уақыты келді. Әрқайсысы байланыс құралдарымен жабдықталған. Түнде олардың бірі "Сәке, мына жаққа қарай "Салам" деңіз" деген дауысты естиді. Бір-екі оқ атылып, құлаққаптан "минус 1" деген дауысты естілді. Өз тілдері бойынша бұл — бақылаушылардың бірі өз аумағынан күдікті қозғалысты байқап қалғанын, ал мерген оның көзін жойғанын білдіреді. Қарақшылардың бесеуінің көзі осындай жолмен жойылды.

Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алындыАқтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды
Ақтөбелік "Эврика" газетінің редакциясынан алынды

Таңертең сағат 5-те ұрыс жаңа күшпен басталып, түске дейін жалғасты. Үйге жасырынған қарақшылардың барлығының көзі жойылды.

11 шілде күні Шұбаршиде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған және "Газель" көлігіндегі арнайы жасаққа оқ жаудырған екі адам қолға түсті. Олар қамыс арасындағы ұрыс кезінде, топтан бөлініп қашып кеткен. Бірнеше күн Шұбарши маңында жасырынып, кейін Қандағаш жағына бет алады. Күзде олардың үстінен жабық сот процесі басталды. Бірақ нәтижесі туралы хабарланған жоқ.

Даладағы тоғыз күндік соғыс аймақ басшысының қызметіне әсерін тигізді. Оқиғадан екі апта өткеннен кейін, алты жыл қала әкімі болып, жеті жыл облысты басқарған Елеусін Сағындықов қызметінен босатылды.

Бұл оқиға ұзақ уақыт бойы ресми түрде лаңкестік шабуыл ретінде аталған жоқ. Тек арада бес жыл уақыт өткеннен кейін, яғни 2016 жылы уахабшылар тобы екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған кезде ғана, Ақтөбенің билігі өңірде экстремизге қатысты түйткілдің бар екенін мойындауға мәжбүр болды.

Бұл енді басқа оқиға...

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров