Мұқағали ескерткіші алдында ақынның кітаптары оқылып жатыр

Болат МӘЖИТ

© Болат МӘЖИТ

Алматыда Мұқағали ескерткіші алдындағы кітап сөрелерінде ақынның жыр жинақтары тізіліп тұр, деп хабарлайды ЭК.

Мұнда келушілер Мұқағали Мақатаевтың жыр кітаптарын парақтап, ақын поэзиясымен сырласады. Ақиық ақынның 90 жылдық мерейтойына арналған рухани шараны Алматы қалалық кітапханалар желісі ұйымдастырған. Осылайша кітапхана қызметкерлері тың бастаманы қолға алыпты.

© Болат МӘЖИТ© Болат МӘЖИТ
© Болат МӘЖИТ

Сөрелерде Мұқағалидың өлеңдер кітабы, ақынға қатысты зерттеулер мен естеліктер жинағы топтастырылған. Сондай-ақ бұл жерден қазақ ақын-жазушыларының туындыларын да табасыз.

Аталған акция бір ай бойы жалғасады. Әр апта сайын кітапхананың екі қызметкері осында болып, келушілерге қызмет көрсетеді. Жағымды жаңалыққа қуанған оқырман Ләйлә Жұматайқызы өз ойын ортаға салды. Оның бейнежазбасы төменде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров