Сергей Қажымұқанның өнерін жаңғыртты

Болат МӘЖИТ

© Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ

Қажымұқанды пір тұтқан, күші де соған сай Сергей Цырульников Өскеменде "Batyrs' Battle" көпсайысын өткізді, деп хабарлайды ЭК.

© Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ© Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
© Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ

Бұл туралы egemen.kz жазады. Көпсайыс қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналды.

Басына түлкі тымақ, аяғына саптама етік киген Сергей осындай тұрпатымен көпшілікті жалт қаратты. Көпсайыстың мақсаты — Қажымұқан, Балуан Шолақ сынды дала батырлары айналысқан спорттық жаттығуларды қайта жаңғырту. Сондықтан жарыс алауын жағу Өскеменнің өрінен, Алтайдың төрінен басталды. Одан кейін Ақтөбеде, Түркістанда, Нұр-Сұлтанда жалғасады.

Елімізде мұндай жоба тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Тепсе темір үзетін мықтылардың қарасы аз болмады. Олардың ішінде халықаралық спорт шеберлері бар.

Қажымұқандай болу оңайға соққан жоқ. Зіл батпан қаптарды, салмағы тізе майыстыратын тастарды көтеріп күштерін сынады. Жуан темірлерді майыстырып жұртты таңғалдырды. Озғандары ойқастады, ойынды жарты жолда доғарғандар да болды.

Батыр бабаның рухын көтерген Сергей Цырульниковтың өзі де өнер көрсетіп, темір "иледі". Жалаң қолмен тақтайға шеге қақты.

"Бабаларымыздың білек күштерін бүгінгі ұрпақ сезінсе екен" дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников. Аталған жарыста грек-рим күресінен спорт шебері Салауат Ахметқали алға шықты. "Batyrs' Battle" сайысы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында қорытындыланады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров