Тойхананың алдында автокөліктер тізіліп тұр

Болат МӘЖИТ

© Болат МӘЖИТ

Алматы – Талғар күре жолының бойындағы «Диана» тойханасының алдында автокөліктер тізіліп тұр, деп хабарлайды ЭК.

Осы көрініске қарап "тәртіпке бағынбайтын бұл қандай мейрамхана" деп тіксінесің. Өйткені елде коронавирусқа қарсы карантин шектеулері әлі тиылған жоқ. Топырлап той жасауға, сауық-сайран құруға әлі ерте.

Алайда мұндағы жағдай біз ойлағандай болмай шықты. Тойхана өзінің жұмысын тоқтатқан соң, ауласы автотұраққа айналыпты. Жолдың қарсы бетінде орналасқан "Аstеr аuто" салонының қызметкерлері жеке көліктерін осында қояды екен.

"Аstеr аuто"-ның әкімшілік қызметкері Ғайша Нұрмұхамбеттің айтуынша, автокөлік салонының айналасында орын тапшы болғандықтан мейрамхана ауласын жалға алыпты.

Тойхананың алдында тізіліп тұрған көліктердің бар құпиясы осы ғана болып шықты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров