Алакөлге Embraer үлгісіндегі ұшақтар қонады

Болат МӘЖИТ

©️ЭК/Андрей ХАЛИН

ШҚО-да Алакөлге демалушылар үшін Үржар әуежайы Embraer үлгісіндегі ұшақтарды қабылдауға дайын, деп хабарлайды ЭК.

Әуежай құрылысы күрделі жөндеуден өтті. Ұшып-қону жолағы екі шақырымға ұзартылған. Соның арқасында көршілес елдерден жолаушылар таситын үлкен ұшақтар мұнда емін-еркін қонуға мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы туризмді дамыту мәселелеріне арналған жиында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

"Облыстың ең көрікті жерлерінің бірі — Алакөл. Биылғы маусымда мұнда 163 қонақ үй мен демалыс базасы жұмыс істейді. Қазіргі таңда көлдің түбі тазартылып, жағалауда құтқарушылар мен полицейлер кезекшілік атқарады. Өткен жылғыдай Алакөлді COVID-19-дан таза әрі еркін аймаққа айналдырамыз" деді Даниал Ахметов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров