Әйгілі футболшының жазбасы миллиондарға бағаланды

Болат МӘЖИТ

©Reuters/Thanassis STAVRAKIS

Криштиану Роналду Instagram парақшасындағы бір жазбасы үшін 1,6 миллион доллар (683 миллион теңге) алады, деп хабарлайды ЭК Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл — әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Ал, Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси осы тізімде жетінші орыннан көрінді. Оның 1,1 миллион доллар (469 миллион) алатыны белгілі болды.

18 маусымда футболдан туриндік Ювентус пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ең белсенді желі қолданушысы ретінде танылды. Әйгілі спортшының Instagram парақшасына 300 миллион адам тіркелген. Одан кейінгі орындарда актер Дуэйн Джонсон (246 миллион), әнші Ариана Гранде (244 миллион) және сән өнерінің жұлдызы Кайли Дженнер (241 миллион жазылушысы бар) тұр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров