Елордалық полицейлер 9 млн теңгеге бағаланған есірткі тәркіледі

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ПД баспасөз қызметі

Нұр-сұлтан полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық топқа қатысы бар күдіктілер ұсталды.

"Қарасора — 2021" республикалық операция кезінде есірткі саудасын қыздырып жүрген астаналық екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Елорда аумағында есірткі заттарын жеткізуді және өткізуді ұйымдастырған екі адамның іс-әрекеті әшкереленді. Олардың бірі 26 жастағы астана тұрғыны, жалпы салмағы 200 грамм "гашиш" сатқаны үшін қолға түсті. Ізін суытпай есірткіні жеткізуді ұйымдастырып жүрген екінші күдікті де ұсталды. Оны тінту кезінде көлігінен пакетке оралған 9 келі марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің бағасы қара нарықта 9 миллион теңге.

Ұсталғандар Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ елордаға есірткі жеткізуге қатысы бар қылмыстық топтың өзге де мүшелері қазір анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров