8 жерден найзағай түсіп, дала өрті өршіді

Абылай МАУДАНОВ

Pixabay

Кеше Торғай аймағында табиғат тосын мінез танытты.

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы аумағында ауа-райы бұзылып, құмды дауыл соқты, деп хабарлайды ЭК

Жангелдин аудандық ТЖ бөлімінің хабарлауынша, дауылдан соң жаңбыр жаумады, есесіне 8 жерден найзағай түсіп, далада өрт болды.

"Қолдағы күшті дала өртін сөндіруге жұмылдырып жатырмыз. Жангелдин ауданында өрт сөндіруге өз еркімен көмектесіп жатқандар бар. Онда 41 техника мен 141 адамның күші тартылған. Қазіргі таңда өрт Ақкөл елдімекені, Албарбөгет ауылдық округінің аумағына ауысты", -дейді аудандық төтеншеліктер.

Жаз басталғалы Жангелдин ауданында 20-дан астам дала өрті тіркелген. Олардан келген материалдық шығын әлі есептеліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров