Токиодағы Олипиада көрерменсіз өтеді

Ержан ШАЙЖАН

©Reuters/KYODO

Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга пандемияға байланысты жазғы Олимпиада ойындары жанкүйерсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

23 шілдеде алауын жағатын жазғы Олимпиада ойындарына санаулы күндер қалды. Пандемияға байланысты 1 жыл кешігіп жеткен жарысқа елімізден 100-ге жуық спортшы қатыспақ.

Жапония елдегі ахуалдың күн санап нашарлап бара жатқанын айтып отыр. Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар да қауіпсіздік үшін спорт кешендеріне жанкүйерлерді кіргізбеу керектігін ескертеді.

Мен бұған дейін де көрермендердің болмауы мүмкін екенін айтқанмын. Бізге бірінші кезекте адамдардың амандығы керек. Қалай болғанда да, жапон халқының қауіпсіздігін басты міндетіміз деп санаймыз,

деді премьер-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел билігі спорт кешендеріне 10 мың көрерменге ғана рұқсат берген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров