Жалақысы көп, жүйкеге салмақ түсірмейтін мамандықтар анықталды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© Getty images

Жалақысы көп, жүйкеге салмақ түсірмейтін мамандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ЭК.

АҚШ-тың Еңбек статистикасы бюросының мәліметтеріне сүйене отырып, Occupational Information Network жоғары жалақы мен жүйкеге салмақ түсіру көрсеткіштерін зерделеген. Business Insider болса, бұл тізімге орташа жылдық жалақысы 75 мың АҚШ долларынан кем болмайтын мамандықтарды енгізген.

Сонымен, АҚШ-та техникалық жазушы жылына 78 590 АҚШ доллары көлемінде айлық алады екен. Ғалымдар мен экология мамандарының орташа жалақысы — 78 590 АҚШ доллары. Қаржы ревизоры — 92 730, мәлімет базасының сәулетшісі — 101 090, пәлсапа және дінтанудан дәріс беретін ұстаздар 90 160 АҚШ доллары көлемінде табыс табады.

Бір қызығы, келесі он жылда осы мамандықтарға жұмыс орындары көбейе түспек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров