Бозоқ тарихы көркем шығармаға айналады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Көне Бозоқ қалашығында бас қосқан ақын-жазушылар келелі жобаның тұсауын кесті, деп хабарлайды ЭК.

Нұр-Сұлтанда шығармашылық одақ өкілдерінің қатысуымен "Көне Бозоқ — Еуразия түріктерінің мұрасы" атты далалық шара өтті. Ақмола жерінің түпкі атасы Бозоқ қалашығының шежіресін жаңғырту — өткенге құрмет. Осы орайда жиналғандар Бозоқ қалашығы, Бұзықты көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан XVIII ғасырдағы қазақ қыстауы сияқты көне қорымдарды аралады. Сөз алғандар сонау ортағасырлық қалашықтың көненің көзіндей сақталып, бүгінге жетуі тегін емес дейді.

© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ
© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Шара барысында "Бозоқ" мұражай-қорығының ұйымдастыруымен "Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін" жобасының тұсауы кесілді. Оның аясында ақын-жазушылар, суретшілер сонау орта ғасырдың тарихи көріністері мен бүгінгі елорданың ғажап бейнесін шендестіріп, өз шығармашығына арқау етеді. Жоба биыл күзде аяқталады.

© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ
© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

"Бүгінде тарихи-мәдение мұра саласын дәріптеуде шығармашыл жандардың қолтаңбасы жетіспейді. Сондықтан Бозоқ қалашығын тек ғылым тілінде емес, әдеби көркем шығармаға, қылқаламға арқау етіп, халыққа жақындату басты мақсатымыз", — деді "Бозоқ" музей-қорығының ғылыми қызметкері Қажымұрат Төлегенов.

© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ
© Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Сондай-ақ ұйымдастырушылар бұл шараны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күніне арналғанын айтып өтті.

Сонымен қатар бүгінде Бозоқ қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының негізінде Ұлттық парк жобасы ойластырылған. Ол үшін елорда әкімдігінен 412 гектар жер телімі берілді. Бұл жерге геологиялық, санэпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп, жоспарланған жобаға лайық деп қорытынды шығарылды. Алдағы уақытта этнологиялық тарихи-этнографиялық ұлттық парк құрылып, мазмұны алты мың жылдық ұлы тарихты қамтиды,- дейді мамандар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров