Алматыдағы коттедждердің бірінен жезөкшелер ордасы анықталды (видео)


Бейнеден кадр
Жекеменшік үйін «жын-ойнаққа» айналдырған үй иесі жауапқа тартылады, деп хабарлайды ЭК.
Интим қызметін көрсететін массаж салоны Медеу ауданында орналасқан. Тәртіп сақшылары 6 қыз және әкімшіні ұстады. Жеке басын анықтау үшін олар полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Ұсталғандар Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген, 19-28 жас аралығындағы қыздар. Баспанасын осындай заңсыз қызметке жалға берген үй иесінің үстінен қазір әкімшілік іс қозғалды.