Ақтауда кәсіпкер тұрғындардың ақшасын алып, шетелге қашып кеткен

Жұмазия ОРАЗАЙ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Тұрғындар компаниядан ақшасын төлеп қойған жиһазын ала алмай отыр, деп хабарлайды ЭК.

"Екі ай бойы жиһазымды күттім. Не ақша жоқ, не жиһаз жоқ! Алмаған нәрсем үшін ақша төлеп отырмын. Жеңілдікпен аламын деп, алаяққа алданып қалдым", — деді Ақтау қаласының тұрғыны Жадыра Үтенова.

Жадыра Үтенова 405 мың теңгеге ас үй жиһазын жасатуға тапсырыс берген. Жадырадан басқа 20 адам дәл осы салонға 20 миллион теңгеге тапсырыс беріп қойған. Кейбірі қолма-қол төлесе, кейбірі банк арқылы төлем жасаған. Бастапқы кезде кәсіпкер тапсырыс берушілерден уақытша кешігіп жатқанын айтқан. Бірақ, айтуларынша ол қазір Түркияда жүр.

"Жәбірленушілердің арызы бойынша күдіктінің үстінен іс қозғалды. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін де алаяқтық дерегі бойынша істі болғаны белгілі болды", — деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Егер күдікті ұсталып, қылмысы дәлелденсе оны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров