Қорықшы үйінде тау арқарын асыраған

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ПД баспасөз қызметі

Кентаулық тұрғынның үйінен қызыл кітапқа енген тау арқарының 2 төлі табылды, – деп хабарлайды ЭК.

Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қорасынан арқардың екі төлін тәркіледі. Олар ҚР "Қызыл кітабына" енгізілген тау арқарының екі жасар төлі "көкпек" болып шықты. Айғақты зат ретінде алынған арқардың төлі Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді.

Полицейлер күдіктінің сол аумақтағы қорықтың бірінде жұмыс істейтінін анықтады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров