«Қайрат» 500 мың еуроға кімді сатып алды?


instagram.com / f.c.kairat
«Партизанның» камерундық қорғаушысы Маки Баньяка алматылық «Қайраттың» қатарына кірді, деп хабарлайды ЭК.
Алматылық клубтың хабарлауынша футболшы жақын күндері елге келіп, медициналық тексеруден өтеді. Ресейлік клубтан ауысқаны үшін "Қайрат" камерундыққа 500 мың еуро төлеуге дайын.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары Макиға төленетін жалақыға қатысты түрлі пікірлер қалдырып жатыр.


instagram.com / f.c.kairat
"Мына жігітке күніне 505 мың теңге төленеді. Алматылық "Қайрат" сатып алып жатыр. Камерундық Маки Баньяка жылына 360 мың еуро жалақы алады. Теңгеге айналдырғанда айына 15 миллион, күніне 505 мың, ал, сағатына 21 мыңнан келеді. Яғни, ол ұйықтап жатса да, сағатына 21 мың теңгеден жүре береді. Ең сорақысы — бір жарым жыл бойына жарытып алаңға шықпаған ойыншы", — деді әлеуметтік желі қолданушысы