Ақтөбеде тұрғын металға танк тапсырып, қомақты ақша алған (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

instagram.com / zello_aktobe.04

Танк Ақтөбе облысы гарнизонында тіркелмеген, деп хабарлайды ЭК.

Металл қабылдайтын жерде әскери техниканың тұрғаны туралы хабар түскеннен кейін, №6655 әскери полиция бөлімшесі мән-жайды анықтады.

Тұрғын мұнарасы, ұңғымасы жоқ ескі танкті тапсырып, қомақты ақша алған. Танк Ақтөбе облысы гарнизонында тіркелмеген. Техниканың қайдан, қашан әкелінгені белгісіз. Металл қабылдайтын жерге құжатсыз тапсырылған.

Қазір әскери тергеу және барлау басқармасы мен Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы бірлесіп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Танкті тапсырған тұрғын оны жүргізіп, шаруашылыққа қолданбақ болған. Алайда ойын іске асыра алмағандықтан металға тапсырған.

Қазір танк әкери полиция бөлімшесінің горнизонына әкелінді. Әскери бөлімшенің мәліметінше, қазір мұндаай техника қолданыста жоқ. Бұл танк екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болуы да мүмкін. Жалпы талап бойынша, қолданыстан шыққан әскери техникалар арнайы зауыттарда жойылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров