Картоп пен сәбізді 2 келіден артық көлемде сатуға шектеу қойылды

Абылай МАУДАНОВ

© Абылай МАУДАНОВ

Қостанай қаласының әкімдігі қымбатшылықтың алдын-алу үшін осындай қадамға барып отыр, - деп хабарлайды ЭК.

Қазір облыс орталығындағы ірі сауда желілерінде сәбіздің келісі 550, ал, картоптың келісі 157 теңгеден сатылып жатыр. Алайда адам басына 2 келіден артық берілмейді. Қалалық әкімшіліктің талабы сондай.

"Арзан дүкендерден мол қылып алып, сыртқа апарып бағасын еселеп сатып жатқандар бар. Мұндай алыпсатарларға тыйым салуға заңды құқығымыз жоқ. Сол үшін ірі сауда орындарына әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатуға шектеу қою туралы ұсыныс жасадық. Бұл қадам азық-түлік тапшылығының алдын-алуға септігін тигізеді деген ойдамыз", — дейді Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Бүгінде Қостанайда шағын дүкендердің сөрелерінде сәбіздің келісі 565 теңгеден, картоп 295-350 теңгеден сатылымға қойылған. Ал жайма базарда картоптың келісін 200 теңгеден саудалап жатқандар да бар.

© Абылай МАУДАНОВ© Абылай МАУДАНОВ
© Абылай МАУДАНОВ

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров