Елімізде ауыз су жетпеген қалалар мен ауылдар бар

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қостанай, Жамбыл мен Павлодар облыстары әлі күнге дейін толықтай ауыз сумен қамтылмаған, деп жазады ЭК.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2025 жылға қарай мемлекет халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз етуі тиіс екендігін айтады. Алайда ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарламаларда олқылық көп.

Мәселен мұнайлы Атырау облысын алып қарасақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Атырау қаласының тұрғындары 100% ауыз сумен қамтамасыз етілгендігін айтады. Алайда қала халқы жаз мезгілі басталысымен ауыз су тапшылығын көріп отыр.

"Кеш болса болды, ауыз сусыз қаламыз. Су көзі сығырайып, тіпті шүмектен бір қасық су ақпай қалатын кездер болады. Бұл мәселені облыс пен қала әкімдігі білгенімен, ешқандай шара қолдана алмай отыр. Сумен толық қамтылды деп есеп береді, алайда кейде сусыз қалатындығымызбен жасырын емес", — дейді Атырау қаласының тұрғыны Айгул Мансурова.

Атырау облысынан бөлек, Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарындағы қала халқының 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Алматы (98,3%), Атырау (98,5%) және Қызылорда (97,6%) облыстарындағы ауылдар түгелдей дерлік ауыз сумен жабдықталған. Бірақ Қостанай (64,7%), Жамбыл (82,2%) және Павлодар (88,4%) облыстарының ауылдары әлі сумен толық қамтасыз етілмеген,

деді ЭК тілшісіне министрліктің баспасөз қызметі.

Осы жылы елімізде су мәселесін шешуге 151 млрд теңге қаржы бөлінгеннін айта кету керек. Осы бөлінген қаражатқа 200 мыңға жуық тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров