Дубайда демалыста жүрген қандасымыз миллионер болып шыға келді


Фото Gulf News
Қазақстандық Ришат Төлегенов лотореядан 1 миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды ЭК.
Дубайдағы белгілі салықсыз сауда дүкендер желісі лоторея ойындарын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады. Бағы жанған Ришат Төлегенов № 0517 билетті 2 маусым күні онлайн сатып алған екен. Жеңімпазды анықтау Дубайдың халықаралық әуежайында өткен.
Дерек: Ришат Төлегенов — осы лоторея ойындарында бағы жанып, ұтысты болған үшінші қазақстандық.