Коронавирустан келген шығын мөлшері 4 трлн доллардан асуы мүмкін

Экспресс К

©Reuters/Nyimas LAULA

Әлемдік экономика, әсіресе туризм саласы коронавирус салдарынан ең қиын кезеңді бастан кешіп отыр. БҰҰ-ның есебі бойынша ЖІӨ 4 трлннан астамға төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

2020 жылы әлемде саяхатшылар көлемі миллиард адамға немесе 73% пайызға қысқарған. Өткен жылдағы локдаун мен шекаралардың жабылуы шамамен 2,5 трлн доллар шығынға батырды. Дүниежүзілік саяхат ұйымының биылғы болжамы одан да нашар.

Саяхат саласын жандандыруға соңғы үміт — жаппай вакцинациялау дейді, сарапшылар. Мәселен, қазақтар жиі демалатын Тайландтың Пхукет аралында азаматтардың 70% және қызмет көрсету саласының барлық мамандары екпе салдырған. Алдағы уақытта екпе паспорты бар 66 елдің саяхатшыларын карантинсіз қабылдамақ.

Коронавирус індетінің түрленіп өршуі, сондай-ақ, халықтың екпеге қатысты екі ойлы пікірі бірқатар елдерді міндетті екпе егу шараларын қолға алуға итермелейді. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Көршілес Ресей Федерациясының 21 аймағында індеттің өршуіне байланысты міндетті екпе салу басталған.

Мәселен, Мәскеуде ең алдымен қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, көлік, денсаулық сақтау, білім, мәдениет саласындағы қызметкерлердің 60 пайызы 15-і тамызға дейін вакцинациялануы керек. Екпе салудан бас тартқан азаматтардың да жүріс-тұрысы шектеліп, тіпті жұмыстан айрылуы мүмкін.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, 29 маусымнан медицина қызметкерлерінің барлығын вакцинациялау туралы бұйрық жарияланған.

Міндентті екпе егуді қолға алған елдер қатарында Автстралия, Ұлыбритания, Франция және Италия бар. Мұнда да денсаулық сақтау қызметкерлері ең бірінші орында. Енді, қоғамдық қызмет көрсету саласын қолға алып жатыр. Ал, Қытайдың денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі комитетінің хабарауынша, елде күніне 20 миллион адамға екпе салынады. Бұл шара күштеу емес, тегін азық түлік беру секілді, үгіттеу арқылы жүзеге асады.

Ал, БАЭ алатын болсақ, Абу-Даби басшылығы 20 тамыздан бастап, екпе паспорты жоқ азаматтарына сауда орталықтары, мұражай, мектеп, университет, мейрамханаларға, спорт шараларына қатысуға тиым салмақ.

Олимпиадалық Ойындарға дайындалып жатқан Жапония да күнінен бір миллионнан астам адам екпе алады. Әсіресе спортшылармен тікелей байланыста болатын қызметкерлер қолға алынған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров