Полицейлер көлік айдап келе жатып есінен танып қалған қызды құтқарды (видео)

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Түркістандық полицейлер Ташкент-Термез тас жолында шайқалып келе жатқан Toyota Camry көлігін байқап қалған, деп хабарлайды ЭК.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, полиция аға лейтенанттары Жанәли Шатаев пен Ернар Исахов көлік жүргізушісіне көмек керек екенін бірден түсініп, дабыл қағып, көлікті тоқтатып үлгереді. Қызға жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше тиісті алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Тез арада қызды көліктің артқы орындығына жатқызып, қолдары мұздап, жансызданып бара жатқаннан соң, уқалай бастадық. Су беріп, тиісті көмекті көрсеттік. Көп ұзамай жедел жәрдем жетті. Олар келіп, зардап шегушіні жақын маңдағы ауруханаға алып кетті. Осыдан соң оның ата-анасына хабарласып, көлігін тапсырдық", — дейді Ернар Исахов.

Қазір бойжеткеннің жағдайы жақсы. Ата-анасы түркістандық сақшыларға алғыс айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров