Әруақтан қорықпаған кім?

Экспресс К

© ЭК

Алматы облысында ұры 1,5 миллион теңгенің темірін қолды қылды, деп хабарлайды ЭК.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бастөбе ауылының үш бірдей тұрғынынан арыз түскен. Олар туыстары жерленген зираттың қоршаулары жоғалғанына шағымданған.

"Іс ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір күдікті қамауда отыр", — деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Белгілі болғанындай, зират қоршауларын ұрлаған азамат дүкендерге нан жеткізумен айналысқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров