Қос таланттың бейнесі бас қаланың төрінен орын алды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданында музыка өнерінің майталмандары Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды, деп хабарлайды ЭК.

Мурал Н.Тілендиев даңғылы бойында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің қасбетіне бейнеленген. Қазақ өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қос композитордың бейнесі елорда күніне ерекше тарту болды.

Бүгінге дейін тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленген музыка майталмандарының әр туындысы мәнін жоғалтқан жоқ. Н. Тілендиевтің "Аққу", "Әлқисса", "Махамбет" күйлері мен "Құстар әні", "Куә бол", "Сарыжайлау" сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр. Ал Б. Шүкеновтің орындауындағы "Отан-ана", "Жүрегімде Астана", "Джулия", "Твои шаги" секілді әндер — музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров