Қостанай облысында қасқыр талаған екі адамның бірі қайтыс болды

Абылай МАУДАНОВ

Pixabay

Қостанай болысында қасқырға таланған 50 жастағы әйел бүгін түнде қайтыс болды, деп хабарлайды ЭК.

Меңдіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері Рудава Жакина бұл оқиғаны растады.

Марқұмның денесі қазір сараптамадан өткізу үшін облыс орталығына жіберілді. Марқұм нақты неден көз жұмғанын сараптама қортындысы шыққан соң ғана айта аламыз,

деді Р. Жакина.

Ал екінші 19 жастағы ер адамның жағдайы жақсы, бірқалыпты екен.

Естеріңізде салсақ, 6 маусым күні Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданының Отынағаш ауылында түз тағысы елді-мекенге кіріп кетіп, екі адамды талаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров