Еліміздегі екпе төлқұжатына өзгерістер енгізілді

Экспресс К

© ЭК

Электронды құжаттың жаңартылған нұсқасына қосымша деректер енгізіледі, деп хабарлайды ЭК.

Екпе төлқұжатында иесінің туған жылы, төлқұжат нөмірі және QR-код көрсетіледі. Аталмыш код құжаттың заңдылығын дәлелдейді. Кодты сканерлеу арқылы екпеге қатысты барлық дерек көрсетілген бетке автоматты түрде өтеді. Телефондағы мессенджерлер арқылы да электронды құжатты таратуға болады.

Құжаттың электронды нұсқасын беруге мүмкіндік болмаса, медицина ұйымдарының ақпараттық жүйесіне жүгініп, қағаз бетіне басылған анықтамасын алуға болады.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екпе төлқұжатын қолдан жасағандар қатаң жауапқа тартылатынын ескерткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров