Елордада төртінші өнеркәсіптік революция орталығы ашылды

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Жыл сайын өтіп жүрген Astana Finance Days конференциясы аясында бүгін Қазақстанда Төртінші өнеркәсіптік революцияның Аффилденген орталығы (4ӨР Аффилденген орталығы) ашылды, деп хабарлайды ЭК.

Ашылу салтанатына Қазақстан Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Бёрге Бренде, Дүниежүзілік экономикалық форумның 4ӨР Орталығының басшысы Джереми Юргенс, Түркиядағы 4ӨР Аффилденген орталығының басшысы Эфе Эрджәне және Еуразиялық Топтың Корпоративтік ИТ директоры Еркін Шназбаев қатысты.

"Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының жаһандық желісіне қосыла отырып, Қазақстан әлемге адамдарға бағдарланған, инклюзивті және әділ қағидаттармен реттелетін жаңа технологияларды енгізетінін жариялауға дайын", — дейді Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Бёрге Бренде.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекет назар аударуы керек үш маңызды құраушы бар, соның ішінде жетекші шет елдердің тәжірибесін қабылдау және оны іс жүзінде қолдану деп отыр.

Ол бірінші кезекте, байланыстың тиісті инфрақұрылымын өрістету қажеттігін атап өтті. "Заттар интернеті" үшін, өндіріске роботтандыру мен жасанды интеллектті енгізу үшін сапалы интернет, мүмкін тіпті 5G қажет деп отыр. Бұл бағытта халықаралық тәжірибені пайдалану маңызды екенін жеткізді.

"Екіншіден, біздің міндеттеріміздің бірі — халықаралық қоғамдастықтың қолдауын алу, отандық кәсіпқойларды даярлау және қайта даярлау саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалану. Біздің мамандар "Индустрия 4.0"-ге көшуге дайын болуы керек және дағдылары мен құзыреттіліктерін жетілдіруі керек. Үшіншіден, мемлекет тарапынан салық жеңілдіктері немесе бірлескен инвестиция секілді ынталандырулар маңызды", — дейді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров