Маусым айында 91 адам суға кетті

Кәмшат ҚОПАЕВА

© ЭК

Суға түсу маусымы басталғалы өзен-көлге батып кеткендердің саны азаймай тұр, -деп хабарлайды ЭК.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, маусым айында елімізде 91 адам суға батып кеткен.

Оның ішінде 33 бала бар. Мәселен, Түркістан облысында 14 адам суға кетсе, оның 11-і — бала. Шығыс Қазақстан облысында 11 адамның ажалы судан болса, Алматы облысында — 9, Қостанай облысында — 10, Қызылорда өңірінде 8 адам суға батып, көз жұмған. Еліміздің батыс өңірлерінде де қайғылы оқиғалар тіркеліп отыр. Мәселен, Ақтөбе облысында жыл басынан бері 13 адам тілсіз жаудың құрбаны болса, Оның үшеуі — бала. Соңғы екі күнде Елек өзеніне тағы екі адам батып кетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров