БҚО-да жол апатына ұшырағандардың тағы біреуі қайтыс болды

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Батыс Қазақстан облысында болған жол апаты салдарынан 2 айлық бала құрбан болды, деп хабарлайды ЭК.

Басынан қатты соққы алған нәресте ауруханада шетінеген. Дәрігерлер операция жасағанымен, нәрестенің өмірін сақтап қала алмады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілде күні Чапаев-Жанғала-Сайхин тас жолында екі көлік соқтығысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапқан еді. Нәресте — бесінші құрбан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров