Жандарбек Бекшин: Алматыда короновирус жұқтыру екі есеге артты

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыда екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1 есеге өсті, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн баспасөз-конференцияда қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1 есеге өсті. Яғни, көрсеткіш 1 142-ден 2 377 жағдайға дейін артты. Өткен тәулікте 353 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсім — 0,4 пайыз. Бұл — төртінші толқын. Үшінші толқын британ штаммымен тұспа-тұс келген. Бұл толқын басылмай жатып, жаңадан төртінші толқын басталды. Британ штаммына үнді штаммы — "дельта" қосылды", — деді Бас санитар дәрігер.

Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің айтуынша, Алматы коронавирус жұқтырғандар саны жағынан бірінші орында тұр. Пандемия басталғалы 74 659 жағдай тіркеліп, індеттен 71 262 адам құлан-таза айыққан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров