ҰБТ сынағы кезінде 9 қылмыстық іс қозғалған

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елімізде тұңғыш рет Ұлттық бірыңғай тестілеу 51 пунктте электронды форматта өтті, деп хабарлайды ЭК.

Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының мәлімдеуінше, ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендер саны 285 164 болса, оның 145 288 биылғы түлектер.

ҰБТ қорытындысы бойынша 88 мыңнан аса талапкер шектік балл жинаған. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 69,08 балл болып отыр. Былтыр шектік балл 64,06 болғанын ескерсек, биыл электронды формат тиімділігін көрсеткен.

"Сәуір-маусым айларында өткен ҰБТ қорытындылары бойынша 1 оқушы 140 балл, 1923 бала 120 балл жинады. Талапкерлердің 109 693-і қазақ тілінде, 35 245-і орыс тілінде тапсырды. Олар ҰБТ өтетін ғимаратқа үш кезеңдік тексерістен өтіп кірді. Сынақ барысында құқық бұзушылықтар да анықталды", — деді Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Тексеріс нәтижесінде 1390 бала тестілеу орталығынан шығарылса, оның 9-на қатысты қылмыстық іс қозғалғңан. Соның ішінде тестілеу орталығына өзінің орнына бөгде адамды кіргізген елордалық 4 оқушы анықталды. Қазір осыған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жасырын микроқұлаққаптар, үлкен өлшемді аяқ киімге шпаргалка жасырып келу сияқты тәртіп бұзушылықтар да болған.

Айта кетейік, электронды форматтың биылғы ерекшелігі — талапкерлер ҰБТ өткеннен кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады. Ал 2021 жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы қорытындысы 25 тамызға дейін шығарылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров