Дельта штаммының қашан шарықтау шегіне жететіні белгілі болды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Санитар дәрігерлер бұл індеттің шарықтау шегі тамыз айында болады деп межелеп отыр, деп хабарлайды ЭК.

Үнді штаммы қыркүйек айының соңына дейін өршуі ықтимал. Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн баспасөз мәслихатында қаланың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның пікірінше, коронавирус түптің түбінде белгілі бір маусымда ғана пайда болады.

Тұмау тек қана суық кезде өршиді. Коронавирус қыс та, жазда да болды. Тыныс жолдары вирустары секілді, келе-келе суық кезде ғана өршуі мүмкін. Қазір мутациядан өтіп жатыр. Осыған байланысты жазда өршіп, жаңа толқынға ұласты,

деді Бекшин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров